ecash exchange

ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ

және дербес деректерді өңдеу саясаты

Осы Құпиялылық және дербес деректерді өңдеу саясаты (бұдан әрі - Саясат) дербес деректерді қамтитын базаның меншік иесі болып табылатын «Ecash» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 221240028699 (бұдан әрі - Компания), және пайдаланушыларды тіркеу процестерін автоматтандыру және Сервистердің функционалына қолжетімділік беру мақсатында Компанияның тапсырмасы бойынша дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыратын «Quiq» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 230140017242 (бұдан әрі - Оператор), жүзеге асыратын https://ecash.kz веб-сайтын, веб-қосымшаны және мобильді қосымшаны (бұдан әрі бірлесіп - Сервистер) пайдаланушылардың дербес деректерін жинау, өңдеу, сақтау, пайдалану және қорғау тәртібін айқындайды.

Саясат «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына (бұдан әрі - Заң), «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Заңына, сондай-ақ дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

Сервистерді пайдалану пайдаланушының осы Саясатпен танысқанын білдіреді. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге жеке әрі дербес келісімді пайдаланушы осы Саясаттың 5-бөлімінде көзделген тәртіппен береді және ол жеке құжатпен - Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісіммен ресімделеді.

1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Осы Саясатта Заңның 1-бабында айқындалған мағыналардағы ұғымдар пайдаланылады, соның ішінде:

  • Дербес деректер - мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген мәліметтер.
  • Дербес деректер субъектісі (Пайдаланушы) - дербес деректер тиесілі және Сервистерді пайдаланатын жеке тұлға.
  • Дербес деректерді қамтитын базаның меншік иесі (Меншік иесі) - дербес деректерді қамтитын базаны иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын іске асыратын Компания.
  • Дербес деректерді қамтитын базаның операторы (Оператор) - Меншік иесінің тапсырмасы бойынша дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын Quiq.
  • Үшінші тұлға - субъект, Меншік иесі және (немесе) Оператор болып табылмайтын, бірақ олармен дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі мән-жайлар немесе құқықтық қатынастар арқылы байланысты тұлға.
  • Дербес деректерді өңдеу - дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған іс-әрекеттер.
  • Дербес деректерді трансшекаралық беру - дербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына беру.
  • Келісім - дербес деректер субъектісінің Заңның 8-бабында көзделген тәртіппен берілетін, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі.

2. ЖИНАЛУҒА ЖӘНЕ ӨҢДЕЛУГЕ ЖАТАТЫН ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР

Сервистерде тіркелу және оларды пайдалану кезінде Меншік иесі мен Оператор Пайдаланушының мынадай дербес деректерін жинауды және өңдеуді жүзеге асырады:

  • тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда);
  • ұялы телефон нөмірі және (немесе) электрондық пошта мекенжайы;
  • Келісімнің берілу фактісі, күні мен уақыты, оның мәтінінің нұсқасы туралы мәліметтер, сондай-ақ Келісімнің алынғанын растау мақсатында тіркелетін өзге де техникалық мәліметтер (есептік жазбаның немесе сессияның сәйкестендіргіші).

Меншік иесі мен Оператор осы Саясаттың 3-бөлімінде көрсетілген мақсаттар үшін қажет болып табылмайтын дербес деректерді жинауды жүзеге асырмайды.

3. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ МАҚСАТТАРЫ

Дербес деректер мынадай мақсаттарда жиналады және өңделеді:

  • Пайдаланушыны Сервистерде тіркеу және есептік жазба жасау;
  • Пайдаланушыны сәйкестендіру және аутентификациялау, оның ішінде бір реттік пароль (OTP-код) арқылы;
  • Пайдаланушыға Сервистердің функционалы мен қызметтеріне қолжетімділік беру;
  • есептік жазбаға кіру және оны қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • Пайдаланушыға тіркелу, аутентификациялау және Сервистерді пайдалану үшін қажетті қызметтік хабарламалар жіберу;
  • Сервистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және есептік жазбаға заңсыз қол жеткізудің алдын алу.

Дербес деректерді жоғарыда көрсетілген мақсаттармен үйлеспейтін мақсаттарда пайдалануға тиісті заңды негіз, оның ішінде қажет болған кезде субъектінің жеке келісімі алынбайынша жол берілмейді.

4. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Дербес деректерді жинаудың және өңдеудің құқықтық негізі - субъектінің Сервистерде тіркелу кезінде интерфейсте әдепкі қалпы бойынша қойылмаған белгіні (checkbox) қою арқылы электрондық нысанда беретін Келісімі. Келісім бермей тіркелуді аяқтау мүмкін емес.

Келісім оның алынғаны фактісін растауға мүмкіндік беретін тәсілмен беріледі, бұл Заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес келеді. Келісімнің берілу фактісін, оның берілген күні мен уақытын, есептік жазбаның (сессияның) сәйкестендіргішін және Келісім мәтінінің нұсқасын Меншік иесі тіркейді және дербес деректерді өңдеудің бүкіл мерзімі ішінде, ал ол аяқталғаннан кейін - өңдеудің заңдылығын растау үшін қажетті мерзім ішінде сақтайды.

Субъектінің келісімінсіз дербес деректерді жинау және өңдеу жағдайлары Заңның 9-бабында түпкілікті айқындалған; көрсетілген жағдайлардың ешқайсысы Меншік иесі мен Оператордың Сервистер шеңберіндегі қызметіне қолданылмайды, осыған байланысты Келісім алу дербес деректерді өңдеудің міндетті шарты болып табылады.

5. МЕНШІК ИЕСІ МЕН ОПЕРАТОРДЫҢ РӨЛДЕРІ

Компания дербес деректерді қамтитын базаның Меншік иесі болып табылады, дербес деректерді өңдеудің мақсаттары мен тәсілдерін дербес айқындайды.

Quiq Оператор болып табылады және дербес деректерді өңдеуді пайдаланушыларды тіркеу процестерін автоматтандыру, есептік жазбаларды жүргізу және Сервистердің функционалымен интеграциялау мақсатында тек қана Компанияның тапсырмасы бойынша және оның мүддесінде жүзеге асырады. Оператор алынған дербес деректерді Компаниямен келісілмеген мақсаттарда пайдалануға құқылы емес және дербес деректердің құпиялылығын сақтауға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес оларды қорғау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

6. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРҒА БЕРУ

Оператордан басқа, Пайдаланушының дербес деректері осы Саясаттың 3-бөлімінде көрсетілген мақсаттар үшін Меншік иесі және (немесе) Оператор тартатын мынадай тұлғаларға берілуі мүмкін:

  • SMS- және (немесе) OTP-хабарламаларды жіберу жөніндегі қызметтерді жеткізушілерге - тіркелуді және есептік жазбаға кіруді растау мақсатында;
  • электрондық пошта қызметтерін жеткізушілерге - қызметтік хабарламалар жіберу мақсатында;
  • хостинг (дата-орталық) қызметтерін жеткізушіге - дербес деректерді сақтау мақсатында.

Көрсетілген тұлғалар шарттық негізде тартылады және дербес деректердің құпиялылығын сақтауға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес оларды қорғау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды, оның ішінде мемлекеттік органдардың заңды сұрау салуы бойынша беруді қоспағанда, дербес деректерді үшінші тұлғаларға өзгедей беру жүзеге асырылмайды.

7. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ БЕРУ

Осы Саясат бекітілген күні Меншік иесі мен Оператор дербес деректерді трансшекаралық беруді, яғни дербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына беруді жүзеге асырмайды, өйткені Оператор, сондай-ақ осы Саясаттың 6-бөлімінде көрсетілген барлық тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және қызметін сонда жүзеге асырады, ал олар пайдаланатын ақпараттық жүйелер мен дерекқорлар физикалық тұрғыдан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан.

Көрсетілген мән-жайлар өзгеріп, дербес деректерді трансшекаралық беру қажеттігі туындаған жағдайда, Меншік иесі осындай беру басталғанға дейін осы Саясат пен Келісімді Заңның 16-бабының талаптарына сәйкес келтіруге, оның ішінде қабылдаушы мемлекеттің заңнамасында дербес деректерді қорғаудың қамтамасыз етілуін тексеруге және бұл туралы Пайдаланушыларды осы Саясаттың 13-бөлімінде көзделген тәртіппен хабардар етуге міндеттенеді.

8. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ САҚТАУ ОРНЫ

Дербес деректерді сақтау физикалық тұрғыдан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан базада жүзеге асырылады, бұл Заңның 12-бабының 2-тармағына сәйкес келеді. Меншік иесі Оператор және осы Саясаттың 6-бөлімінде көрсетілген өзге де тартылатын тұлғалар пайдаланатын инфрақұрылымға қатысты осы талаптың сақталуын қамтамасыз етеді.

9. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ САҚТАУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ

Дербес деректер осы Саясаттың 3-бөлімінде көрсетілген оларды жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті мерзім ішінде, сондай-ақ Пайдаланушының есептік жазбасының қолданылу мерзімі ішінде сақталады.

Дербес деректер Заңның 18-бабында көзделген жағдайларда, оның ішінде сақтау мерзімі өткен соң, Пайдаланушы, Меншік иесі және (немесе) Оператор арасындағы құқықтық қатынастар тоқтатылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда жойылуға жатады.

10. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ

Меншік иесі мен Оператор Заңның 20-23-баптарының талаптарына сәйкес дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің, оларды өзгертудің, көшірудің, таратудың немесе жоюдың алдын алуға бағытталған дербес деректерді қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын қолданады. Пайдаланушының дербес деректері қолжетімділігі шектеулі құпия ақпаратқа жатады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушының келісімінсіз жария етілмейді және таратылмайды.

11. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР СУБЪЕКТІСІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Заңның 24-бабына сәйкес Пайдаланушы:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің дербес деректерін өңдеуге қатысты ақпарат алуға;
  • өзінің дербес деректері толық емес, ескірген немесе дәл емес болған жағдайда, оларды нақтылауды, өзгертуді немесе толықтыруды талап етуге;
  • Келісімді осы Саясаттың 12-бөлімінде көзделген тәртіппен кері қайтарып алуға;
  • Меншік иесінің және (немесе) Оператордың өзінің дербес деректерін өңдеуге байланысты әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Көрсетілген құқықтарды іске асыру мәселелері бойынша өтініштер осы Саясаттың 15-бөлімінде көрсетілген байланыс деректері бойынша жіберіледі.

12. КЕЛІСІМДІ КЕРІ ҚАЙТАРЫП АЛУ ТӘРТІБІ

Пайдаланушы осы Саясаттың 15-бөлімінде көрсетілген байланыс деректері бойынша Меншік иесіне тиісті өтініш жіберу арқылы Келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Келісімді кері қайтарып алу тіркелуді талап ететін Сервистерді одан әрі пайдаланудың мүмкін болмауына әкеп соғады.

Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келсе не Пайдаланушының Меншік иесі және (немесе) Оператор алдында орындалмаған міндеттемесі болса, Келісімді кері қайтарып алуға жол берілмейді.

13. САЯСАТҚА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ

Меншік иесі осы Саясатқа біржақты тәртіппен және Пайдаланушыларды алдын ала хабардар етпестен өзгерістер енгізуге құқылы. Саясаттың қолданыстағы редакциясы https://ecash.kz мекенжайында, сондай-ақ веб-қосымшада және мобильді қосымшада орналастырылады және жарияланған сәтінен бастап қолданылады. Пайдаланушы Саясаттың қолданыстағы редакциясын өз бетінше қадағалап отыруға міндетті.

Егер енгізілетін өзгерістер бұрын берілген Келісіммен салыстырғанда дербес деректерді өңдеу мақсаттарының тізбесін, жиналатын дербес деректердің құрамын не дербес деректер берілетін тұлғалардың тобын кеңейтсе, мұндай өзгерістерді олар күшіне енгенге дейін жиналған дербес деректерге қолдануға Пайдаланушыдан Заңның 8-бабында көзделген тәртіппен жаңа келісім алынған жағдайда ғана жол беріледі.

14. КОМПАНИЯНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ШЕКТЕУ

Компания мыналар үшін жауапты болмайды:

  • Пайдаланушының Сервистерде тіркелу және оларды пайдалану кезінде өзі берген дербес деректерінің анықтығы, дәлдігі және толықтығы;
  • Пайдаланушыны сәйкестендірудің немесе аутентификациялаудың мүмкін болмауы және Пайдаланушының толық емес, дәл емес немесе өзекті емес деректерді беруі салдарынан туындаған өзге де салдарлар;
  • байланыс операторларының, электрондық пошта қызметтерін жеткізушілердің не Компанияның бақылауында емес өзге де үшінші тұлғалардың кінәсінен болған SMS- және (немесе) OTP-хабарламаларды, электрондық пошта хабарламаларын жіберу кезіндегі кідіріс, жеткізілмеу немесе өзге де іркілістер;
  • Пайдаланушының телефон нөміріне, электрондық пошта мекенжайына не есептік жазбаға қол жеткізудің өзге де құралына бақылауды жоғалтуы салдарынан болған үшінші тұлғалардың Пайдаланушының есептік жазбасына рұқсатсыз қол жеткізуі;
  • еңсерілмейтін күш мән-жайларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заңды әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) салдарынан туындаған залалдар.

Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауаптылық Заңның 29-бабында көзделген тәртіппен туындайды және оны осы Саясатпен алып тастауға немесе шектеуге болмайды.

15. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ

Осы Саясатқа Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады. Саясаттың жекелеген ережесінің жарамсыздығы оның қалған ережелерінің жарамсыздығына әкеп соқпайды.

Дербес деректерді өңдеуге, дербес деректер субъектісінің құқықтарын іске асыруға және Келісімді кері қайтарып алуға байланысты мәселелер бойынша Пайдаланушы info@ecash.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша, сондай-ақ +7 701 666 4398 телефоны бойынша хабарласуға құқылы.

ecash exchange

Қосымшада одан да ыңғайлы! Бағам хабарламалары, банкнот тапсырысы, брондау

Google playжақындаApple Storeжақында